Өзбекстанда бір күнде теміржол көлігін қанша жолаушы пайдаланатыны белгілі болды
2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында Өзбекстан Республикасының негізгі темір жол көлігімен жалпы пайдалануда 2,5 миллион жолаушы тасымалданды.
Статистика агенттігінің алдын ала мәліметі бойынша, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жолаушы тасымалының көлемі 402 мыңға көбейген.
2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында бір күнде орта есеппен 27 800 жолаушы теміржол көлігін пайдаланған.
Бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5 мыңға өскен.