Өзбекстанда бір күнде 5 мыңнан астам азаматқа вакцина егілді
1 сәуір күні басталған елдегі жаппай вакцинация аясында республикада 5018 азаматқа вакцина егілді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша вакцинация процесі ерікті түрде өтіп, вакцина егілгендердің 1871-і 65 жастан асқандар, ал 3147-сі медицина қызметкерлері.
Аймақтар бойынша вакцинация көрсеткіші бойынша Ташкент қаласы бірінші орында 1651 адам. Одан кейінгі орындарды Ферғана (467 адам), Қашқадария (389 адам) және Ташкент облысы (317 адам) орын алған.
AstraZeneca вакцинасымен 2 рет және ZF-UZ-VAC 2001 вакцинасымен 3 рет вакцинациялау жоспарланған. Яғни, вакцинация екі түрлі вакцинада екі түрлі жолмен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Өзбекстандағы жеке клиникаларға COVID-19-ға қарсы ақылы егулер жүргізуге рұқсат етілген.
Вакцинацияның толық курсын аяқтаған азаматтарға QR-код сертификаты беріледі.