Республикалық арнайы комиссияның қаулысымен 2021 жылдың 20 қыркүйегінен бастап Өзбекстанда ашық алаңдар мен жабық кешендерде іс-шаралар өткізуге рұқсат берілді.
«Арнайы комиссияның кезекті отырысында республикадағы карантиндік талаптарды жұмсарту арқылы тұрғындардың демалыс күндерін мазмұнды өткізуге және мәдени-рухани азық алуға қолайлы жағдайлар жасау мәселесі жан-жақты талқыланды.
Атап айтқанда, тиісті органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Республикалық арнайы комиссияның 2021 жылдың 20 қыркүйегіндегі шешімі бойынша республикада мәдени-сауық шаралары (театр, кино, концерт залдары), бұқаралық шаралар мен кездесулерді ашық алаңдар мен жабық кешендер де өткізуге рұқсат берілді» делінген хабарламада.
Мәдени, ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар мен кездесулерді ұйымлдастыруда келесі карантиндік шектеулер сақталады:
- Мәдени ойын-сауық нысандарының (театр, кинотеатр, концерт залдары) жұмысшылары мен қызметшілері және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырушылар, қызмет көрсетушілер коронавирустық вакцинаның кемінде 2 дозасын (вакцинаның кез-келгені) қабылдағаны бойынша QR-кодты сертификаты болуы тиіс;
Ойын-сауық орталықтарына (театр, кинотеатр, концерт залдары) келушілер;
- медициналық маскада болу;
- антисептиктерді қолдану;
- нысанға кіру кезінде дене температурасын өлшеу сияқты маңызды санитарлық-гигиеналық ережелерді қатаң сақтауы тиіс.
Бұл ретте атаулы нысан аумағына (театр, кино, концерт залдары) және көпшілік жиналатын іс-шараларға коронавирусқа қарсы вакцинация туралы QR-код сертификаты бар келушілерді ғана (денсаулығы бойынша қарсы көрсеткіштері бар азаматтарды қоспағанда) кіргізу ұсынылды.