French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда білім алып жатқан шетелдік студенттер саны артып келеді
20:21 / 2025-10-02

Шетелдік студенттердің тұрақты өсімі Өзбекстан білім беру жүйесінің халықаралық бәсекелестікте өз орнын нығайтып келе жатқанын көрсетеді. Бұл өз кезегінде жоғары оқу орындары алдына білім сапасын арттыру, халықаралық бағдарламаларды кеңейту және студенттер үшін қолайлы академиялық орта қалыптастыру сынды жаңа міндеттерді жүктейді.

Ұлттық статистика комитетінің дерегіне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында 14 мың 216 шетел азаматы Өзбекстанда білім алуды бастаған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 28,8 пайызға жоғары.

Ең көп студенттер Түркіменстаннан (4 603) және Үндістаннан (3 477) келген.

Сондай-ақ, Тәжікстаннан (1 392), Қытайдан (710), Пәкістаннан (700) және Оңтүстік Кореядан (553) да елеулі мөлшерде жастар оқып жатыр. Тізімде АҚШ-тан (319), Ұлыбританиядан (110) және Оңтүстік Африка Республикасынан (98) келген студенттердің болуы да назар аударарлық.

Бұл деректер Өзбекстан жоғары оқу орындарының халықаралық деңгейде барған сайын мойындалып келе жатқанын айғақтайды. Белгілі болғандай, географиялық және мәдени жақындыққа байланысты көрші елдерден студенттер легі басым. Сонымен қатар Үндістан, Пәкістан және Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттерден жастардың Өзбекстанда білім алуға қызығушылығы артып келе жатқаны байқалады.