Өзбекстанда биыл тест сынақтары ресми түрде 2 пәннен өтетін болды
Биыл республика бойынша жаңа оқу жылындағы тестілеуге 1 миллион 270 мың талапкер құжат тапсырады деп күтілуде.
2020/2021 оқу жылында Өзбекстандағы ЖОО-ға талапкерлерді қабылдаудағы тест сынақтары ресми түрде екі мамандық пәні бойынша тестілеуден өтеді. (Яғни жылдағы үрдіс бойынша 3 мәжбүрлі пәндер «ана тілі, Өзбекстан тарихы және математика» бойынша тест болмайды.)
Онда талапкер 2 пәннің өзінен бұрынғыша 189 балл жинау мүмкіндігі бар болып, оған 3 сағат уақыт белгіленген. Биылғы талапкерлер үшін тағы бір қолайлық, ол өз құжатын тапсырарда интернет арқылы тіркеуден өтіп жауабын Мемлекеттік тест орталығы сайтынан көре алады.
Сонымен қатар республика бойынша жаңа оқу жылындағы тестілеуге 1 миллион 270 мың талапкер құжат тапсырады деп күтілуде.