Өзбекстанда биыл мақтаның 1 келісі үшін 1000 сумнан төленеді
Өзбекстанда биыл мақтаның алғашқы терімінде 1 келі үшін 1000 сумнан төленсе, екінші терімінде 1400 сумнан төленетін болды
Өзбекстанда биыл мақтаның алғашқы терімінде 1 келі үшін 1000 сумнан төленсе, екінші терімінде 1400 сумнан төленетін болды.
Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінде өткен брифингте Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары вице-министрі Баходир Умрзаковтың мәлімдеуінше биыл мақтаға шығатын азаматтар мен арнайы келісім-шарт жасалады. Сондай-ақ биылғы мақта теріміне атсалысар терімшілер екі топқа бөлініп қарастырылған. Бірінші – өзінің тұрғылықты мекендегі мақта теріміне қатысушылар мен басқа облыстан келіп қызмет ететін жұмысшылар тобы.
Жалдамалы жұмысшылар бригадаларға бөлінеді. Әр бригада құрамында 50-70 адамнан болып, олардың басқа аймаққа баруы үшін барлық жағдайлар жасалады. Онда жатақхана, тамақтану орны және қажетті болған басқада талаптар орындалады.