Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда бір күнде 7 науқас коронавирустан көз жұмды
23:54 / 2020-08-25

Қазіргі уақытта 3394 індет жұқтырған жандар ауруханада дәрігерлер бақылауында қалып ем қабылдауда


Өзбекстанда 25 тамыз күні індеттен көз жұмғандар қатары 7 кісіге көбейіп жалпы бүгінге дейін өлім көрсеткіші 287-ге жетті.

Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі сағат 23:30 хабарламасында тәулік бойы елде 316 коронавирус жұқтырғандық жағдайы тіркеліп 432 азаматтың індеттен сауыққаны айтылған.

Соңғы мәліметтер бойынша республикада 39 664 азаматта вирус расталған болып, олардың 90 пайызы немесе 35 983 аурудан сауыққан.

Қазіргі уақытта 3394 індет жұқтырған жандар ауруханада дәрігерлер бақылауында қалып ем қабылдауда.