Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда бетпердесіз азаматтар қоғамдық көлікке шығуына тыйым салынды
10:07 / 2021-06-23

Өзбекстанда медициналық маска тақпаған азаматтар енді қоғамдық көліктерге шығуына тыйым салынды.

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық сақтау қызметі, Көлік министрлігі және басқа да бірқатар мүдделі тараптардың ұсынысы бойынша Республикалық арнайы комиссия автобус жүргізушілерін (кондукторларды) және метро бақылаушыларын бетпердесіз жүрген азаматтарды қоғамдық көліктер салонына шығуына жол бермеу туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, микрофон арқылы тұрақты түрде адамдардың жауапкершілігін арттыру, қоғамдық көліктердің соңғы бекетінде дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу бойынша үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Теміржол вокзалы мен әуежайларда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы қамтамасыз етіліп, дезинфекциялау және тазарту шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылады, делінген Денсаулық сақтау министрлігі хабарында.