Өзбекстанда бензин импорты 4 есеге өсті
Өзбекстанға бензин импорты өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге өскен. Бензин импорты бойынша Ресей, Түркіменсатан және Қазақстан көш бастап тұр.
Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2021 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Өзбекстан шетелден 96,6 миллион долларлық 274,6 млн литр бензин импорттады. Аймақтар бойынша Ташкент қаласы бензин импорты бойынша көш басында келеді. Осы аралықта импортталған жанармайдың 67,7 пайызы Ташкент қаласының үлесіне тура келген.
Комитет дерегінше Өзбекстанға бензин импорты өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 есеге өскен.
Өзбекстан автокөлік бензин импорттайтын негізгі елдер:
- Ресей - 136,5 млн литр;
- Түркіменстан - 116,3 илн литр;
- Қазақстан - 15,6 млн литр.