Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда бензин арзандады
10:47 / 2020-11-11

Өзбекстанда осы жылдың 10 қарашасынан бастап импортталған Аи-95 жанармай бағасы 6600 сумнан 6300 сумға төмендеді. Бұл туралы компанияның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Жанармай өнімдерін ұлттық UNG брендімен сататын «Өзбекмұнайгаз» жанармай құю желісі мұнай өнімдерінің бағасын біртіндеп төмендетуде. «Біздің компания нарықтық қатынастарға толықтай берікпіз. Егер өнімнің өзіндік құны төмендесе, сату бағасы төмендейді. Бұл тәжірибе алдағы уақытта да жалғасын табады», - деген «UNG Petro» директоры Мирзохид Мұсаев.

Бұған дейін, 15 қыркүйектен бастап жанармай бекеттерінде импортталатын Аи-92 бензинінің бағасы 6000-нан 5500 сумға дейін арзандаған болатын. Ал 1 қарашадан импорттық дизель отынының бағасы 6500-ден 6000 сумға дейін төмендеген.