Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда барлық жолаушылар тасушы ішкі көлік қатнасы тоқтатылды
17:14 / 2020-03-23

24 наурыздан бастап Ташкент қаласына түрлі транспорт құралдарының (автобус, автокөлік, әуе, теміржол) кіріп шығуға қатаң түрде тыйым салынған


Үкіметтің карантинге байланысты кезектегі қаулысына сай 24 наурыздан бастап Ташкент қаласына түрлі транспорт құралдарының (автобус, автокөлік, әуе, теміржол) кіріп шығуға қатаң түрде тыйым салынады.

Осы жағдайға байланысты бүгін «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы және «Өзбекстан темір жолдары» АҚ 24 наурыз сағат 01:00 ден бастап барлық рейстерін тоқтатқанын хабарлады.

Сонымен қатар авиакомпания өз клиенттерінен туындаған көңілсіз жағдайға кешірім сұрап, белеттерді рейстер қайта жолға қойылған кезден бастап кез-келген датаға брондау мүмкіндігін жайиялаған болса, Темір жолдар компаниясы өз сайтында көрсетілген жеке кабинеттен белетті кері өткізу арқылы ақашларын қайтаруды көрсеткен.

Ташкент қаласының ресми жабылуына орай автовокзалдан аймақтарға қатынаушы автобустар бағытыда тоқтауы мүмкін.

Еске сала кетсек, 23 наурыз яғни бүгіннен бастап барлық азаматтарға маскасыз көшеге шығуға тыйым салынған. 25 наурыздан бастап осы тәртіпті бұзған жандарға ТЖМ-ның бір еселенген (223 мың сум) айыппұлы салынып, екінші рет қайталанған жағдайда үш еселенген айыппұл салынатын болады. Қажеттілік болмаған жағдайда көшеге шықпай үйде отыруыңызды сұраймыз.