Өзбекстанда барлық мұғалімдер тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі
Өзбекстанда жалпы білім беретін мектептердің барлық мұғалімдері тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі
Өзбекстанда жалпы білім беретін мектептердің барлық мұғалімдері тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.
«Ресми ақпарат» телеграм арнасындағы хабарға сай, ел аумағындағы жалпы білім беретін мектептерде коронавирустық пандемияның көңілсіз жағдайларының алдын алу және емдеу мақсатында барлық мұғалімдер мен қызметкерлерге гидроксихлорохин мен мырышты тегін беру тапсырылды.
Осы тапсырманы орындау үшін Халықтық білім министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің (ДСМ) бірлескен қаулысына қол қойылды. Соның ықпалымен ДСМ аталған дәрі-дәрмектерді жалпы білім беретін мектептердің барлық мұғалімдері мен қызметкерлеріне жеткізетін болды.