Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда БАҚ өкілдерінің түзеу мекемелеріне баруының жаңа тәртібі белгіленді
11:15 / 2021-02-24

Өзбекстан Үкіметі 19 ақпанда Дипломатиялық корпус, халықаралық және жергілікті үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің жазаны өтеу мекемелеріне сапарларын ұйымдастыру туралы ережені бекітті.

Әділет министрлігінің баспасөз қызметідегі мәліметке сай, республикалық және жергілікті үкіметтік және коммерциялық емес ұйымдары мен БАҚ өкілдері түзеу мекемелеріне баруға рұқсат беру туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі Бас басқармасына жазбаша немесе электронды түрде жүгінеді.

Өтініш түскен күннен бастап 15 күн ішінде қаралады және өтініш берушіге жазбаша (электрондық) хабарлама жіберіледі.

Өкілдің түзеу мекемесіне сапары белгіленген ішкі рәсімдерге сәйкес жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін 09: 00-ден 19: 00-ге дейін) болады.

Оған бару алдында, дипломатиялық корпустың, халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың және шетелдік БАҚ өкілдері Сыртқы істер министрлігіне және Әділет министрлігінде тіркеууден өткендер өтініш жіберуі керек. Өтінім 5 жұмыс күні ішінде қаралып, тиісті тәртіпте түзеу мекемелеріне жіберіледі.

Түзеу мекемелері әкімшілігі жоспарланған сапар туралы тиісті хабарлама алғаннан кейін сапарды уақытында ұйымдастырады.