Өзбекстанда банктердің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 500 миллиард сумға дейін ұлғайтылады.
Бұл туралы «Банктер және банк қызметі туралы» заңның 13-бабына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы жарияланды.
Заң жобасымен «Банктер және банк қызметі туралы» заңның 13-бабына банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен бес жүз миллиард сумға дейін арттыруға қатысты тиісті толықтырулар енгізу ұсынылады.
Заңның қолданыстағы нұсқасына сәйкес, бүгінде банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері жүз миллиард сумды құрайды.
Бүгінгі таңда Өзбекстанда жұмыс істейтін коммерциялық банктердің саны – 33, оның 13-інің жарғылық капиталы 500 миллиард сумнан астам, 9-ының жарғылық капиталы 200 миллиард сумнан астам жоғары, 11-інің жарғылық капиталы 200 миллиард сумнан аз.
Енгізілген өзгерістер тұрғындар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерді банктерге жинақтарын (депозиттерін) орналастыруға ынталандырады, олардың коммерциялық және басқа да несиелерге қажеттіліктерін қанағаттандыруға, банктік қызмет көрсету көлемін ұлғайтуға ықпал етеді.