Өзбекстанда балаларға арналған жаңа телеарна іске қосылады
Өзбекстанда балаларға арналған жаңа «Aqlvoy» (ақылды) ойын-сауық және телеарнасы іске қосылады. Бұл туралы үкіметтің жаңадан қабылданған «Мамандандырылған балалар ойын-сауық және білім беру телеарнасын құру туралы» қаулысында айтылған.
Әділет министрлігінің хабарлауынша, телеарнаның негізгі міндеті мен қызметі – ақпаратты қызықты және түсінікті түрде ұсыну арқылы балалардың оқу белсенділігін ынталандыру, интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жаңа телеарна өзін-өзі қаржыландыру негізінде жұмыс істейтін болады.