Өзбекстанның барлық аймағына 2021 жыл үшін балаларға арналған «Президент сыйлығы» таратылды.
Халықтық білім министрлігінің хабарлауынша, 2021 жылы 9070 арнайы «Президент сыйлығынан» құралған жаңа жылдық сыйлық аймақтарға жөнелтілді.
12 жасқа дейінгі балаларға арналған «Президент сыйлығы» құрамында тәттілер, оқу құралдары мен балалар энциклопедиясы, жалпы 21 түрлі сыйлық орын алған. Сыйлықтар арасында отбасылық балалар үйлері мен SOS балалар махаллаларының 12 жастан асқан 980 балаға арналған заманауи планшет бар.

Атаулы сыйлық елдің 10 облысына «Өзбекстан әуе жолдары» компаниясы арқылы жеткізілсе, Сырдария, Жызақ және Ташкент облыстарына мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының бақылауымен жеткізілген. Осы сыйлықтар 2021 жылдың 29-30 желтоқсан аралығында өтетін «Президент шыршысы» салтанатты шарасында табысталады, делінген хабарламада.