28 шілде күні Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен мүмкіндігі шектеулі, ата-ана қамқорлығынан айырылған және жетім балаларға мемлекеттік қолдауды кеңейту, оларға әлеуметтік төлемдерді жақсарту мәселелері бойынша бейнеконференциялы жиын өттіп, онда кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі комиссия қызметі тоқтатылып, ол орнына балалар істері жөніндегі ұлттық комиссия құратын болды.
Бұл жөнінде жиында баса айтылып, осынау комиссияға Балалардың құқықтары жөніндегі уәкіл Алия Юнусова төраға болып тағайындалды. Ал, облыстық әкімдер аймақтық комиссияларға төрағалық етеді.
Ұлттық комиссияның есебі - Сенатта, ал аймақтық комиссиялардың есебін тыңдау жергілікті Кеңестерде әр тоқсан сайын өткізу тәжірибесі жолға қойылады.
Мемлекет басшысы осыған байланысты Комиссияның жаңа басшысына тапсырмалар жүктеді.
- Ата-анасының қамқорлығынан айырылған және мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау, оларды қоғамның белсенді мүшелері ретінде тәрбиелеу бәрімізден байыпты назар мен практикалық әрекеттерді талап етеді. Облыс, аудан және қала әкімдері, сектор басшылары бір нәрсені түсінуі керек. Ешбір бала «өзін жетім немесе мүгедекпін» деп шағымданбауы, сонымен қатар бірде-бір бала мемлекет пен қоғамның назарынан және қамқорлығынан тыс қалмауы керек. Осы мақсатта оларды ең заманауи мамандықтарға баулу, білім алуы үшін барлық жағдай жасау бәріміз үшін парыз ғана емес, қасиетті борыш, - деді Шавкат Мирзияев.