Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда бала туу саны біршама азайды
14:06 / 2024-07-27

Өзбекстанда жыл басынан бері бала туу саны біршама азайған.

Статистика агенттігінің мәліметі бойынша 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында тірі туғандар саны 419,9 мыңды құрады (2023 жылдың сәйкес кезеңінде 434,6 мың бала дүниеге келген). Оның ішінде ұлдар саны 218 100, қыздар саны 201 800 болды.

Ведомствоның талдауына сәйкес, тірі туғандар саны қалаларда 212 300, ауылдық жерлерде 207 600 құраған.

Жарты жыл ішінде ең көп туу мамыр айында орын алған, бір айда 38 026 ұл, 34 865 қыз бала дүниеге келген.

Алты ай ішінде туғандар санының ең көп үлесі Самарқанд облысында тіркелді – 50 360 адам (туғандардың жалпы санынан 12%). Бұл ретте Ферғана (47 004 бала), Қашқадария (43 909), Әндіжан (38 482) және Сұрхандария (37 663) облыстарында туылғандар саны салыстырмалы түрде жоғары болған.