IT Park Өзбекстанда бағдарламашыларға қанша жалақы төленетіні туралы ақпаратты жариялады.
MODME компаниясының негізін қалаушы және техникалық директор Руслан Юлдашевтың айтуынша, қазір Өзбекстанда бағдарламашылар орташа 400-ден 800 долларға дейін, ал арнайы ұсыныс ретінде тәжірибесі барлар 1200-ден 2000 долларға дейін жалақы алады.
Нақты жобалармен жұмыс істейтін 2 жылдық тәжірибесі бар бағдарламашылар қазірдің өзінде 1000 доллар немесе одан көп ақша табады. Бұлардық барлығы бағдарламалау дағдылары мен компанияларға байланысты. Тиісінше, үлкен тәжірибесі бар бағдарламашылар өте жақсы ақша алады.
Жергілікті нарықта Frontend, Backend, PHP бағдарламашыларының орташа жалақысы 8-10 млннан 20-30 млн сумға дейін, 1С бағдарламашы 3 млннан, Fullstack программисті 10-15 млн тіпті 20-30 млн сум ақша табуы мүмкін. Тағы да, бәрі тәжірибеге, жұмыс жүктемесіне және компанияға байланысты. Бұл үшін мамандық маңызды рөл атқарады.
Егер бағдарламашы бұл саланы енді бастаған және тәжірибесі аз болса, онда жалақы өте төмен болуы мүмкін. Бірақ тәжірибе мен білім артқан сайын жалақы да тез өсе бастайды. Өзбекстандағы тәжірибелі бағдарламашылар айына орта есеппен 1000-1500 доллар алады, делінген IT Park хабарында.