Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда БҰҰ-ның жаңа тұрақты үйлестірушісі жұмысын бастады
12:52 / 2022-02-26

2022 жыл 25 ақпанда Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов БҰҰ-ның Өзбекстандағы тұрақты үйлестірушісі болып тағайындалған Роли Астхананы қабылдады.

СІМ мәліметінше, Р.Астхананы жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтаған министр Өзбекстан БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелерімен сындарлы және сенімді ынтымақтастық орнатқанын атап өтті. Жаңа тұрақты үйлестірушінің кәсіби жетістіктері мен жұмыс тәжірибесі осы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете түседі деген сенім білдірілді.

Соңғы жылдары Өзбекстан мен БҰҰ арасындағы қарым-қатынастар айтарлықтай жанданып, практикалық мазмұнмен байығаны атап өтілді. Өзбекстан ұйым қызметінің барлық аспектілерінің белсенді қатысушысына айналды. 2018-2021 жылдары Президент Шавкат Мирзияевтің бастамасымен Бас Ассамблеяның төрт қарары бекітілді.

Қазіргі уақытта Өзбекстанда БҰҰ агенттіктерінің қатысуымен құны 174 миллион доллардан асатын 137 жоба жүзеге асырылуда.

Кездесуде аймақтық қауіпсіздік, Ауғанстанды тұрақтандыру және қалпына келтіру, қазіргі заманғы қауіптер мен қатерлерге қарсы тұру, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, әлеуметтік-экономикалық дамуға жәрдемдесу, экологиялық проблемаларды шешу, атап айтқанда, Арал дағдарысы қалпына келтіру сияқты салалардағы ынтымақтастықты тереңдету перспективалары талқыланды.