Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүгін – Өзбекстанда «Жастар күні»
09:32 / 2020-06-30

2017 жылы 30 маусым күнгі «Kamolot» Жастар әлеуметтік қозғалысының IV құрылтайында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев осы аталға датаны елде Жастар күні ретінде мерекелеу турасындағы бастаманы алға тартқан болатын.


Бүгін – Өзбекстанда «Жастар күні». Бұл күннің мерекелі күндер қатарына ену тарихына көз жүгірсек, 2017 жылы 30 маусым күнгі «Kamolot» Жастар әлеуметтік қозғалысының IV құрылтайында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев осы аталға датаны елде Жастар күні ретінде мерекелеу турасындағы бастаманы алға тартқан болатын. 26 тамыз күні осы бастама «Өзбекстанда 30 маусым күні жастар күні ретінде мерекеленуі» турасындағы жарлық өз күшіне енді.

photo5312313249217227025.jpg

Міне осылайша жыл сайын Өзбекстанда 30 маусым «Жастар күні» ретінде мерекелі көңіл-күйде өткізіліп келеді. Атаулы бұл күнде, осы күнгі датамен тұспа-тұс негізі қаланған «Өзбекстан жастар одағы» Өзбекстан аумағында қала, облыс, аудан көлемінде барша жастарды ынталандырушы жылдық қорытындыларға тайанып оларға түрлі марапаттар мен құрмет сыйлықтарын табыстап әр түрлі ойын-сауық іс-шараларын өткізу дәстүрге айналған.