Өзбекстанда азаматтық беру жүйесі жеңілдетіледі
Заң шығару палатасының кезекті сессиясында депутаттар «Өзбекстан Республикасының азаматтығы туралы» ӨР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының бірінші оқылымын қарады.
Атаулы Заң жобасы азаматтығы жоқ адамдарды Өзбекстан азаматы деп тану процедураларын жеңілдететін болып, он бес жыл бойы елде тұрақты өмір сүрген азаматтығы жоқ адамдарды Өзбекстан азаматы ретінде тікелей тану қарастырылған.
Өзбекстан аумағында туған бірақ азаматтығы жоқ адамдар, осы заң жүзінде азаматтығы жоқ адамның куәлігі негізінде бес жыл өмір сүрмей-ақ, ел азаматтығына қабылдануы мүмкін.
«Олий Мажлис» Заң шығару палатасының кезекті отырысында депутаттар Заң жобасын тұжырымдамалық түрде бірінші оқылымда қабылдады.