Өзбекстанда азаматтық авиация ұшқыштарын даярлайтын мектеп ашылады
Өзбекстанда 2021-2022 оқу жылынан азаматтық авиация ұшқыштарын даярлайтын мектеп қызметін бастайды.
ӨР Президентінің Жарлығына сәйкес Француз ұлттық азаматтық авиация мектебімен (ENAC) бірге Ташкент мемлекеттік көлік университетінің құрамында азаматтық авиация ұшқыштарын даярлау мектебі құрылады.
Білім беру мектептебі қызметін 2021/2022 оқу жылынан бастап, онда бастапқыда бірлескен дипломдық бағдарламалар негізінде (double degree) «Ұшу операциялары» бойынша бакалаврлық кадрлар дайындалады.
Ұшқыштар мектебіндегі ақу ақысын Ташкент мемлекеттік көлік университеті Францияның азаматтық авиация ұлттық мектебімен келісе отырып беліглейді. Түлектер Өзбекстандағы жоғары білім туралы құжат ретінде танылатын Француз ұлттық азаматтық авиация мектебінің типтік дипломын алады.