Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда азаматтарға көшеде бетперде тақпай жүруге рұқсат берілді
14:53 / 2022-02-25

2022 жыл 1 наурыздан бастап Өзбекстанда азаматтарға ашық ауада бетперде тақпай жүруге рұқсат берілді.

ДСМ хабарлауынша, Республикалық арнайы комиссияның кезекті отырысында республикада коронавирустық инфекцияны жұқтыру деңгейінің төмендеуіне байланысты бұрын енгізілген кейбір шектеулерді алып тастау мәселелері қаралды. 

«2022 жылдың қаңтар айында «103» жедел жәрдем қызметіне республика бойынша тәуліктік шақыртулар саны 34 мың болса, соңғы күндері бұл көрсеткіш 20 мыңды құрады. Бұл шамамен 1,5 есеге азайған.

Бүгінгі күні аурудың таралуы 0,4 құрайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының айтуынша, егер көрсеткіш 1,0-ге дейін болса, бұл жағдай тұрақты дегенді білдіреді.

Шетелдік ақпарат құралдардың хабарына сай, бүгінде көптеген елдер коронавирустық инфекцияны эндемиялық ауру ретінде мойындап, негізгі шектеулерді, тіпті бетперде тағу процедуралары мен COVID-19 төлқұжаттарын алып тастау ниетін жариялауда.

Бұл ретте Еуропа елдері халықты вакцинациялау үдерісін күшейтуді ұсынып отыр.

Жоғарыда аталған ақпарат негізінде осы жылдың 1 наурызынан бастап азаматтарға ашық ауада бетперде тақпай жүруге рұқсат берілді.

Сондай-ақ эпидемиялық жағдайға байланысты азаматтардың әлеуметтік арақашықтығын қамтамасыз ету қиын болған жерлерде:

  • қоғамдық көлікт
  • ірі бөлшек сауда дүкендерінде
  • оқу орындарында
  • мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда
  • Мешіт, театр, кинотеатр, мұражай, өнер сарайлары, халыққа қызмет көрсету мекемелеріне және халық көп жиналатын басқа да орындарға бетперде кию ұсынылды. 

Медициналық мекемелерде медициналық қызметкерлердің коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болатынына қарамастан бетперде кию талабы сақталады.