Өзбекстанда азаматтардың жеке өміріне қатысты суреттерді жариялағандар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін
Атаулы заң жобасы 8 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болатын болады
Мұндай жағдай, азаматтарды бейнеге түсіргеннен кейін оның суретінен пайдалану алдында қандай кезде оның келісімін алу немесе алмау фактісі жайлы Азаматтық кодекске қосымша кіріту жайлы ӨР-ның Әділет министрлігі ұсыныс жасаған.
Атап айтқанда, осы жобаға сай азаматтың суретін (фото, видео, өнер туындылары) басқа адамдар түсіруі мен одан пайдаланудан бұрын келісімін (жазбаша, ауызша немесе қозғалыспен) алу талап етіледі. Егер мұндай келісім болмаса, азамат өз суретін алып тастауды талап етуге және келтірілген зиян мен моральдық шығынды азаматтық сот арқылы өндіруге құқығы бар екендігі белгіленген.
Сондай-ақ, із-түссіз жоғалған немесе қылмыстық іс жасаған құқық бұзушыларды іздеуге беруде, мемлекеттік шекаралар мен қорғалатын аймақтарды кесіп өту және жол жүру ережелерінің бұзылғаны туралы хабарлауда, қоғамдық күзет пункттеріндегі (метро, аллея, ғимарат және т.б.) қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың мүдделерін қорғау сынды мақсатта таспаланған бейнеден пайдалану үшін азаматтың келісімі талап етілмейді.
Айтылуынша, мұндай түзетулер азаматтардың абырой-беделіне нұқсан келтіретін жеке өмірімен байланысты суреттерді таратуға негіз бола алмайды және бұл әрекеттерге тыйым салынған болып оларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік белгіленген.
Атаулы заң жобасы 8 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болатын болып, оның толықтай мәтінімен танысуға және өз пікіріңізді regulation.gov.uz сайтына кіріп қалдыруға болады.