Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда азаматтар коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын ала бастады
10:41 / 2021-05-04

Денсаулық сақтау министрлігініңмәліметінше 3 мамырда бүкіл ел бойынша 55795 адамға COVID-19-ға қарсы вакцина егілді.

Елдегі вакцинация аясында үш түрлі препарат қолданылуда. Ал азаматтар вакцинаның түріне байланысты екі рет немесе үш рет екпе алғанда толықтай вакцинацияланған болып табылады. 2021 жылдың 1 мамырынан бастап вакцинаның бірінші кезеңін алған азаматтарға оның екінші дозасымен вакцина егу процесі бастады.

Өткен тәулікте вакцинаның бірінші дозасын алған адамдар саны 47816, екінші кезеңде вакцинацияланған адамдар саны 7979 құрады.

Осылайша, бүгінгі күнге келіп Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакцинацияланған адамдардың саны 911811-ге жетті. Оның 14285-і екінші доза алғандар.