Өзбекстанда азаматтарға жеке көлік құралын пайдалануға рұқсат етілетін болды
Республика аумағында 30 наурыздан бастап көлік құралдары арнайы стикерсіз қатынауына шектеу енгізілген болатын
Республикалық арнайы комиссияның шешімімен ел аумағында азаматтарға жеке көліктерін 30 сәуірден бастап таңертеңгі сағат 7:00-ден 10:00-ге дейін және кешкі 17:00-ден 20:00-ге дейінгі аралықта пайдалануға рұқсат етіледі. Қаулыға сай азаматтар бостан-босқа бұл қадамға бармауы керек болып, бұл мүмкіндікті жұмысқа, ауруханаға, дәрі-дәрмек және тұрмысқа қажетті заттар алу үшін пайдалану керек болады, делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетсек республика аумағында 30 наурыздан бастап 20 сәуірге дейін Ташкент және Нүкіс қалалары мен басқада облыс орталықтарына транспорт қатнауы ресми стикерлерсіз шектелген болатын. Ал карантиндік мерзімнің ұзартылуына байланысты бұл шектеулер де 10 мамырға дейін ұзартылған еді.