Өзбекстанда Қазақстан медицина күндері өтуде
Өзбекстандағы Қазақстан медицина күндері 22 қарашаға дейін жалғасады.
Ташкенттегі «International Hotel Tashkent» қонақ үйінде Қазақстанның медицина күндерінің ашылуы болды.
Атаулы шара Өзбекстандағы «Қазақстан жылы» аясында өтіп жатқан шаралардың бірі болып, онда Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі, медицина ғылымдарының докторы Елжан Біртанов бастаған делегация қатысуда.
Қазақстанның медициналық күндері аясында көрші ел делегациясы денсаулық сақтау саласындағы реформалар туралы қызықты презентациялар ұсынып, нейрохирургия, балалар кардиохирургиясы, гинекология, неврология, репродуктология, урология, травматология және ортопедия, терапия және жасуша технологиясы, ядролық медицина және радиациялық диагностика, бүйрек пен бауыр трансплантологиясы сынды және Қазақстандағы медициналық университеттер мен фармацевтикалық компаниялардың өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісетін болады.
Осы шара аясында Екі елдің медициналық университеттері, ғылыми және мамандандырылған медициналық орталықтары арасында бірқатар меморандумдарға қол қою осы оқиғаның маңызды сәттерінің бірі болып, бұл ынтымақтастық дәрігерлер мен студенттердің тәжірибе алмасуына, диагностиканың және емдеудің инновациялық әдістерін медицинада енгізуге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ықпал етеді.
Қазақстанның медициналық күндері іс-шарасының барысында келген Қазақ елінің делегациясы Өзбекстандағы медициналық университеттер мен мамандандырылған медициналық орталықтарды аралап, оқу үрдісімен, елдегі аурудың алдын-алу, диагностикалау мен емдеудің заманауи инновациялық әдістерін қолданулары жайлы танысатын болады.
Өзбекстандағы Қазақстан медицина күндері 22 қарашаға дейін жалғасады.