Өзбекстанда автокөліктеге метан газы қымбаттады
Өзбекстанда автокөліктеге арналған метан газының бағасы қымбаттады.
Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2024 жыл 30 наурыздағы қаулысымен қабылданған 173-санды қаулысымен метан газына белгіленген ең жоғары бөлшек сауда бағасының мерзімі ұзартылды.
Қазіргі уақытта автокөліктерге жанармай құю станцияларында табиғи газды сату үшін ең жоғары бөлшек сауда бағасы 2024 жылдың 1 маусымына дейін текше метрі үшін 3350 сум болып белгіленді.
Яғни, 1 сәуірден бастап аяқталуы тиіс ең жоғары бөлшек сауда бағасының мерзімі шамалы өзгерістермен тағы екі ай бойы күшінде болады (бұрынғы баға 3250 сум болатын).