Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда автокөлік өндірісі 31 пайызға қысқарды
13:42 / 2021-11-02

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Өзбекстандағы зауыттарда 150 183 дана көлік шығарылған.

Мемлекеттік статистика комитеті 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы кейбір өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі туралы мәлімет жариялады. Онда жеңіл автокөлік өндірісінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 31 пайызға төмендегені айтылады. 

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 150 183 жеңіл автокөлік зауыттан шыққан.

2020 жылдың осы кезеңінде 217 771 көлік шыққан болса, 2019 жылы 186 432 дана темір тұлпар өз иесіне табысталған.