Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда автокөлік экспорты бір жылда 123 миллион долларға өсті
15:20 / 2021-08-23

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар-шілде айларында Өзбекстаннан шетелге 194 миллион долларлық жеңіл автокөлік экспортталды.

Бұл көрсеткіш 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 123 миллион долларға өскен. Ал осы аралықта ең көп темір тұлпар көрші Қазақстан еліне экспортталған. Жалпы дерекке қарағанда соңғы жеті айда Қазасқтанға 181,9 млн долларлық көлік сатылды.

Өзбекстан жеңіл автокөлік экспорттайтын негізгі елдер:

  • Қазақстан - 181,9 миллион доллар;
  • Ауғанстан - 5,7 миллион доллар;
  • Украина - 2,3 миллион доллар;
  • Ресей - 1,9 миллион доллар;
  • Қырғызстан - 1,0 млн доллар;
  • Әзербайжан - 484,1 мың доллар;
  • Тәжікстан - 480,1 мың доллар.