Өзбекстанда ауыл шаруашылығы саласын көрсететін жаңа инновациялық телеарна ашылады.
Телеарна «Агро ТВ» деп аталады және агроөнеркәсіп саласына қатысты ақпарат береді. Телеарнаның басты мақсаты – ел аумағындағы ауыл шаруашылығы саласын жаңа және заманауи тұрғыдан ашу.
Сондай-ақ медиатехнологияның заманауи әдістері мен тенденцияларын пайдалана отырып, жергілікті аудитория мен шетелдік инвесторлар ет және сүт, кондитерлік өнімдер, жеміс-көкөніс, мақта, бидай және басқа да өнімдерді өндіру және өңдеу саласындағы соңғы жаңалықтармен таныстырылады.
Бұдан бөлек, аудиторияны әлемдік және жергілікті ауыл шаруашылығы саласындағы жаңалықтар туралы хабардар ету көрерменге осы саладағы халықаралық тәжірибе, инновациялар, ноу-хау, сондай-ақ жетекші жергілікті және шетелдік компаниялардың пікірлерімен танысуға мүмкіндік береді.
«Агро ТВ» телеарнасы өзбек, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын болып, оның хабар таратуы Өзбекстанның барлық облыстарын қамтиды.