Өзбекстанда ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі
2023 жыл 5-8 маусым аралығында Өзбекстан аумағына Иран аймағынан ыстық ауа енеді.
«Узгидрометтің» хабарлауынша, республика бойынша температура 42 градусқа дейін жоғарылайды.
- 5-6 маусымда Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм облысында +40...+41 градусқа дейін;
- 6-8 маусымда Бұхара, Науаи, Қашқадария, Сұрхандария облыстарында +40...+42 градусқа дейін;
- 5-8 маусымда +38...+40 градусқа дейін;
- 7-8 маусымда Ферғана алқабы аймақтарында +36...+39 градусқа дейін көтеріледі.
7-8 маусым күндері солтүстікте, оңтүстікте және шөлді аймақтарда кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде шаң-тозаң байқалады деп күтілуде.