2022 жыл басынан бері Өзбекстанда атокөлік экспорты қысқарып, импорт пен өндіріс қуаты күрт өсті.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында 68 905 автокөлік шығарылған. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеңіл автокөлік өндірісінің көлемі 24 451 бірлікке өскен.
2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Өзбекстан Әзірбайжан, Тәжікстан, Корея және Ливанға 58 автокөлік экспорттады. Өз кезегінде бұл көрсеткіш 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 763-ке аз.
2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Өзбекстан әлемнің 21 елінен құны 189,3 миллион доллар болатын 8508 автокөлік әкелінген болып, жеңіл автокөліктердің импорты 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 361-ге немесе 2,7 есеге өсті.
Сондай-ақ Өзбекстанға үш айда 455 электромобиль әкелінді. Өткен жылмен салыстырғанда электромобиль импорты 370 бірлікке немесе 5,4 есеге өскені айтылады хабарламада.