Өзбекстанда қару істеп шығару үшін рұқсатнама кімдерге беріледі?
Мұндай түрдегі рұқсатнама шектеусіз мерзімге табысталады
Азаматтық және қызеттік қарумен оның оқ дәрілерін өндіру, оны жөндеу және сату бойынша рұқсатнама берудің тәртібі жайлы Өзбекстан үкіметінің қаулысы шықты.
Осы қаулыға сай, Өзбекстан аумағында азаматтық және қызеттік қарумен оның оқ дәрілерін өндіру, оны жөндеу және сату бойынша лицензия Ұлттық гвардия тарапынан берілетін болып, мұндай рұқсатнама тек Өзбекстан аумағында тіркелген заңды тұлғаларға белгіленген тәртіпте беріледі.
Лицензияларды немесе өзіне тиесілі құқықтарды басқа адамдарға беруге тыйым салынады және бұл үлгідегі рұқсатнама шектеусіз мерзімге табысталады.
Лицензия беруші орган өтініш берушінің арызын қарау үшін Базалық есептеу мөлшерінің (БЕМ) 4 еселенген мөлшерінде салым алынып, сосын рұқсатнама бергендігі үшін БЕМ-нің 10 есе (2 миллион 230 мың сум) мемлекеттік баж төлейтін болады.
Лицензиялық талаптар мен шарттардың сақталуын бақылауды лицензиялау органы жүзеге асырады.