Өзбекстанда «Қарттар үшін туризм айлығы» өтеді
Өзбекстанда 2020 жылдың қараша айы «Қарттар үшін туризм айлығы» деп жариялаған
Өзбекстанда 2020 жылдың қараша айы «Қарттар үшін туризм айлығы» деп жариялаған. Осынау қаунышты ай көлемінде республикадағы барлық қарттардың бос уақытын мазмұнды әрі тиімді өткізу және ішкі туризмді дамыту мақсатында олар үшін арнайы бірқатар жеңілдіктер мен қолайлықтар жасалған.
Туризм комитетінің хабарлауынша, елдегі қонақ үй мен демалыс орындары үшін 50 пайызға дейін және 114 қоғамдық тамақтану орталығындағы қызметтер үшін 20 пайызға дейін ерікті жеңілдіктер енгізілген.
Сонымен бірге, 1-30 қараша аралығында «Uzbekistan Airways» әуе компаниясының республика бойынша ішкі рейстерге 60 жастан асқан ерлер мен 55 жастан асқан әйелдер үшін экономика және бизнес санаттарындағы (LPR3M, UPR3M, SPR3M, OPR3M сырттай) бағалардың 25 пайызына және «Өзбекстан темір жолдары» АҚ елдегі тарифтерге сай 10 пайызына, «Uzautotrans Service» ішкі маршруттардағы автобус тарифтерінің 15 пайызға дейінгі ерікті жеңілдіктер енгізілген.
Бұдан бөлек, Өзбекстан мұсылмандары басқармасы жанындағы «Вақф» қоғамдық қайырымдылық қоры қарттар үшін туризм айы аясында Ташкент, Самарқанд, Бұхара, Қашқадария, Хорезм және Науаиы облыстарындағы 14 қасиетті зиярат орындарына тегін кіруді ұйымдастырған және Қарақалпақстан, Бұхара, Қашқадария, Самарқанд, Сырдария, Сұрхандария және Хорезм облыстарындағы 49 мәдени мұра объектілеріне кіру үшін жеңілдіктер енгізген.