Өзбекстанда ақылы автожолдар салу жоспарлануда
«Ташкент-Әндіжан», «Ташкент-Самарқанд» бағыттарында ақылы жолдар мен «Тахтақорача» асуында ақылы тоннель салу жоспарланған.
Бұл жөнінде «Жол саласын одан әрі жетілдіру шаралары туралы» жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды.
Осыған сәйкес, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жоғары жылдамдықты қозғалыс үшін халықаралық талаптарға сай жобалау, салу және қайта құру, сонымен қатар келешекте бұл жолдарға баламалы жолдар болған кезде оларды «ақылы жолдар» санатына көшіру жоспарлануда.
2024 жыл 1 қаңтардан бастап:
- автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау аяқталған нысандардың негізгі құрылымдық элементтеріне кемінде 3 жыл кепілдік қызмет көрсету мерзімі енгізіледі;
- жылдың жоғары температура кезеңдерінде автомобиль жолдарында жүк көліктері мен автопоездардың (тіркемелердің) (арнайы көліктерден басқа) қозғалысына маусымдық шектеулер енгізіледі;
- сынақ ретiнде Қарақалпақстан Республикасы мен облыстардағы ұзындығы 20 км-ге дейiнгi жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын эксплуатация жұмыстарына аутсорсинг негiзiнде жеке сектор тартылады.