2022 жылдың 30 сәуірі мен 18 мамыры аралығында Өзбекстанда алтыншы халықаралық джаз фестивалі өтеді.
ЮНЕСКО кеңсесінің хабарлауынша, айтулы шара Мәдениет және өнерді дамыту қоры, Өзбекстан мемлекеттік консерваториясы және Ташкент қаласы әкімшілігі тарапынан Франция, Германия, Венгрия, Үндістан, Польша, Словакия, Швейцария және АҚШ елшіліктерінің қатысуымен ұйымдастырып отыр.
Өзбекстандықтар Халықаралық джаз фестиваліне 2015 жылдан бері қатысып келеді. Кезекті фестиваль аясында Өзбекстанның мемлекеттік консерваториясында жергілікті және шетелдік джаз орындаушыларының 20-ға жуық концерті өтеді. Форум аясында джаз өнерінің 85 жылдығын атап өтіледі. Сондай-ақ Хиуадағы «Ичан-қалада», Үргеніштегі Огахи атындағы музыкалық драма театрында, Бұхарадағы музыкалық драма театрында және «Ильхом» театрында ашық аспан астындағы концерттік шаралар ұйымдастырылады.