Орталық банктің мәліметінше, 2026 жылғы 14 қаңтардағы жағдай бойынша Өзбекстанда 1 грамм алтын құймасының бағасы 1 миллион 852 мың сумға жетті. Айта кетерлігі, алтын құймаларының бағасы қатарынан үшінші күн рекордтық көрсеткішті жаңартып отыр.
Соңғы үш күн ішінде алтын құймаларының бағасы 2,8 пайызға, ал өткен жылдың осы күнімен салыстырғанда 62 пайызға өскен. Бұл алтынның тек дәстүрлі қымбат бағалы металл ғана емес, инфляция мен қаржылық тұрақсыздық жағдайында сенімді актив ретінде кеңінен сұранысқа ие бола бастағанын көрсетеді.
Атап өтілгендей, алтын құймаларын банкке қайта сату үшін олардың қаптамасы бүтін күйінде сақталуы тиіс. Бұл жағдайда банктің қайта сатып алу бағасы сату бағасынан 3,9 пайызға төмен болады.
Тек ішкі нарықта ғана емес, әлемдік нарықта да алтын бағасы тарихи рекорд орнатты — 1 трой унция алтын алғаш рет 4 600 доллардан асты. Айиа кетейік, 2025 жыл ішінде алтын бағасы 60 пайыздан астам өскен.
Осы өсімнің нәтижесінде Өзбекстанның алтын-валюта резервтері алғаш рет 65 миллиард доллардан асып, елдің қаржылық тұрақтылығы үшін маңызды көрсеткіш ретінде бағаланып отыр.