Өзбекстанда алғашқы жоғары вольтты цифрлық қосалқы станция салынады
Өзбекстанның Жызақ облысында бірінші жоғары вольтты цифрлық қосалқы станцияны салынады. Ол 2023 жылы пайдалануға берілмек.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, «Өзбекстан ұлттық электр желілері» АҚ республикада 220 кв болатын «Зафарабад» цифрлық станцияны Азия даму банкінің қолдауымен құрады.
Жоғары автоматтандырылған технологиялық процестерді басқарумен, заманауи ақпараттық жүйе және құралдармен жабдықталған «Зафарабад» цифрлық қосалқы стансасы өңірлік электр жүйесін қосымша 500 МВА қуатпен қамтамасыз етеді.
Азия даму банкінің талабына сай өткен халықаралық тендер қорытындысы бойыншажобаны толықтай дайын қалыпта табыстау шартымен Қытайдың «Shanghai Electric Group Co., Ltd» копаниясы жеңіп алған. Осы жоба аясында Германияның GOPA - International Energy Consultants GmbH копаниясы жұмыс істейді.