Өзбекстанда алғашқы жел электр станциясының құрылысы басталды
Біріккен Араб Әмірлігінің «Masdar» компаниясы Науаиы облысы, Зарафшан қаласында жел электр станциясының құрылысын бастады.
Энергетика министрлігі хабарлауынша, 1 сәуірде «Masdar» компаниясы, Энергетика министрлігі, Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі арасында құрылысы басталған электр станциясының жобалық қуатын 500 мегаваттан 1,5 гигаватқа дейін арттыру туралы келісімге қол қойылды.
Зарафшандағы жел электр станциясы 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған болып, жоба құны 600 млн доллардан (бұған дейінгі инвестиция) 1,8 млрд долларға жуық шетелдік тікелей инвестицияны тартуы көзделген.