Өзбекстанда алғаш рет халықаралық зиярат туризмі апталығы өтеді
2022 жылдың 1-3 қараша аралығында Өзбекстанда алғаш рет халықаралық зиярат туризмі апталығы өтеді.
Туризм және мәдени мұра министрлігінің хабарлауынша, апталықта зиярат туризмін дамыту бойынша көрме, семинар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылады.

«Халықаралық апталықтың басты мақсаты – Өзбекстандағы зиярат туризмінің әлеуетін көркейту, елді әлемдік өркениеттің маңызды орталықтарының бірі ретінде таныту, әлемдік қауымдастық пен халықаралық ұйымдардың мойындауы, сондай-ақ зиярат туризмінің қызметін әртараптандыру және туризм экспортын арттыру», делінген хабарламада.
Апталық бағдарламада Самарқанд қаласында жаңа «Жібек жолы» туристік орталығының ашылуы, «Хива – ислам әлемі туризмінің астанасы» тақырыбындағы халықаралық қолөнер көрмесі, «Әлем шеберлері» жәрмеңкесі және басқа да іс-шаралар өтуі жоспарланған.