Өзбекстанда алғаш рет бес бұрышты мешіт ашылады
Өзбекстандағы мешіттер негізінен төртбұрыш немесе сегізбұрыш түрінде салынған. Ал қазіргі күнде әлемдік тәжірибеде мешіттердің басқа да заманауи стильдері енгізілуі мен қатар мындай тұрдегі мешіттің Өзбекстанда пайда болуы ол мешіт салуда тәжірибесі мол өзбек сәулетшілерінің шеберлігін көрсетеді.
Өзбекстан мұсылмандары басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өзбекстандағы алғаш бес бұрышты «Әділ ата» атындағы мешіт Ташкент облысының Заркент ауылды-мекенде салынуда.
«Ханақаның бес бұрышы және ондағы бес баған дініміздің бес тірегіне арналған. Ескі ғимарат орнына жаңа мешіт салу іс жүзінде 2017 жылы басталды. Бұл арада жұмыс қаражаттың жетіспеушілігінен біраз уақытқа тоқтап қалып, міне бүгін, Альхамдулилла, біз аяқталудың алдында тұрмыз. Біздің жаңа мешіт сыртқы кіреберісті қосқанда 1200 намаз оқитын адамды қабылдайды», - дейді мешіт имамы Мамуржон Абдурахманов.
Қазіргі кезде Өзбекстан аумағында 2075 мешіт бар.