French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда алғашқы электронды ақша жүйесі тіркелді
17:44 / 2020-06-18

Компания әлемдік төлемдердің ең үлкен электронды жүйесі Paypal-пен серіктестік орнатуға ниетті.


Өзбекстанда алғашқы электронды ақша жүйесі тіркелді. Енді ол төлемдердің ең үлкен электронды жүйесі Paypal-пен серіктестік орнатуға ниетті.

Орталық банк баспасөз қызметінің хабарлауынша «Өзбекстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару және олардың айналымы ережелері» талаптарына сәйкес төлем ұйымы ретінде лицензияланған «Brio Group» ЖШС «OSON» электрондық ақша жүйесінің операторы ретінде өз қызметін бастаған.

Осы электронды ақша жүйесінің эмитенті - «Туркістан» жеке акционерлік коммерциялық банкіне тиесілі болып, ол 16 маусымда Орталық банктің электрондық ақша жүйесінің тізіліміне енгізілді.

Қазіргі уақытта Өзбекстан аумағында халықаралық төлемдердің ең үлкен электронды жүйесі «Paypal» жүйесі өз қызметін жолға қойылмағандықтан, «OSON» осы компаниямен ынтымақтасып жатқандығын айтқан.

Бұл қызмет түрімен сум ақшасының көмегінде сіз ұялы байланыс, интернет, коммуналдық қызметтер, онлайн ойындар үшін ақы төлей аласыз. Сонымен қатар ақшаны қабылдауға тек әлемдік ғана емес, ұлттық қызметтер де осы жүйің ішінде қосылған. Кафе, мейрамхана мен дүкендердің иелері де осы жүйені қолдана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдай алады.