English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда АИ-80 маркалы жанармайды қолдану мен сатуға шектеу енгізіледі
11:49 / 2025-02-12

Өзбекстанда көлік санының қарқынды өсуі экологияға теріс әсер етіп, атмосфералық ауаның ластануына, денсаулыққа байланысты мәселелердің көбеюіне, сондай-ақ қалаларда шаң-тозаң, зиянды газдар мен түтін мөлшерінің артуына себеп болуда. Соңғы уақытта бұл мәселеге алаңдаған тұрғындар тарапынан арыз-шағымдар саны көбейіп келеді.

Салалық мамандардың пікірінше, АИ-80 маркалы бензиннен бас тарту нәтижесінде көліктерден ауаға бөлінетін ластаушы заттар көлемі едәуір азайып, ауаның сапасы жақсарады.

Қоршаған орта, экология және климат өзгерісі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2025 жылдың 1 мамырынан бастап қоғам белсенділерінің, әлеуметтік желі қолданушыларының және халық пікірін ескере отырып, Ташкент пен Нөкіс қалаларында және облыс орталықтарында келесі бағыттардағы жаңа жобаларды жүзеге асыруға тыйым салынады:

  • асбест және цемент өндірісі, шлам және шлак өнімдерін өңдеу;
  • тері өңдеу кәсіпорындары мен құс фабрикалары;
  • шаң мен газды тазартатын жоғары тиімді құрылғылармен жабдықталмаған көмір жағу қондырғылары;
  • қара және түсті металлургия зауыттары, құрамында улы қоспалары бар шыны өңдеу, химиялық қауіпті заттармен жұмыс істеу;
  • қауіптілігі I және II дәрежесіне жататын қалдықтарды қайта өңдеу және жағу зауыттары.

Сонымен қатар, 2025 жылдың соңына дейін барлық күш пен ресурстарды жұмылдырып, тұрғындарды сапалы, экологиялық таза және арзан жанармаймен қамтамасыз ету арқылы АИ-80 маркалы жанармайды қолдану мен сатуға шектеу енгізіледі.