Өзбекстанда АИ-100 маркалы бензин сатыла бастады
«Узбекнефтегаз» АҚ бақылауындағы «UNG Petro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі нысандарда АИ-100 маркалы бензин сатылымға шығарылды.
Ведомство дерегінше АИ-100 маркалы жанармай шеттен импортталуда. Сонымен қатар ол қазіргі уақытта тек Ташкент қаласындағы жанармай бекеттерінде ғана сатылуда.