Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда 6 айда жол-көлік оқиғасы салдарынан 800-ге жуық адам көз жұмған
13:15 / 2022-07-21

Өзбекстан аумағында соңғы 6 айда жол-көлік оқиғасы салдарынан 800-ге жуық адам көз жұмған.

Ішкі істер министрлігінің Жол қозғалысы қауіпсіздігі бас басқармасы мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Өзбекстанда 3559 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 784 азамат қаза тауып, 2775 азамат түрлі дене жарақатын алған.

Жол-көлік оқиғаларының тең жартысы адам факторына байланысты болған. Оның 22,9 пайызы жылдамдықты арттырудан, 7,1 пайызы жүргізушінің абайсыздығынан, 1 пайызы көлікті мас күйінде басқаруынан туындаған. Сондай-ақ 1648 жол-көлік оқиғасы жолаушылардың, 298-і велосипед жүргізушілерінің кінәлі.

Дерек бойынша, жол-көлік оқиғасының басым бөлігі жас жүргізушілердің абайсыздығынан тіркелген. Яғни, 25 жасқа дейінгі «кінәлі» жүргізушілердің 27,4 пайызды, 30 жасқа дейінгілер 26,9 пайызды құрайды. 126 рет әйелдер кінәлі болса, 3433 оқиғаға ер көлік жүргізушілері кінәлі деп табылған.

Ең көп жазатайым оқиғалар Ферғана облысында – 621, Ташкент облысында – 479, Ташкент қаласында – 413 орын алған болса, ең төменгі көрсеткіш Сырдария ауданына тиесілі – 70 оқиға.