Өзбекстанда 6 ай дегенде мешіттерде жұма намазы алғаш рет жамағатпен оқылды
Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына орай карантиннен кейінгі алғашқы жұма намазы жамағатпен бірге оқылды
Өзбекстанда осы жылдың наурыз айында анықталған коронавирустық жағдайдан кейін, көпшілік адам шоғырланатын ойын сауық орталықтар мен түрлі көңіл ашар орындар, концерттік шаралар және мешіттерде намаз оқуға уақытша тыйым салынған болатын. Міне арадан 6 айдай уақыт өтіп эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына орай карантиннен кейін елдегі мешіттерде алғашқы жұма намазы жамағатпен бірге оқылды.



