Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда 5G технологиясын енгізу процесі басталды
20:56 / 2023-03-10

2023 жылдың наурыз айынан бастап Өзбекстанда мобильді интернет жылдамдығы артып, бүкіл ел бойынша 5G технологиясы енгізіледі.

«Узбектелеком» акционерлік қоғамы ақпарат қызметінің басшысы Темур Мамажоновтың мәліметінше, бүкіл ел бойынша 3 мыңнан астам қолданыстағы базалық станцияларды соңғы технологиялармен жаңартуылады. Сондай-ақ 2 мыңнан астам жаңа базалық станциялар салынып, іске қосылмақ.

Өзбекстанда алғаш рет флагмандық смартфондардың, оның ішінде iPhone иелеріне 5G технологиясы арқылы мобильді интернетті пайдалану мүмкіндігі берілетіні атап өтілген.

Жобаның бірінші кезеңінде Ташкент қаласын 5G желісімен толық қамту, сондай-ақ республиканың облыс орталықтарын ішінара қамту көзделген. Алғашқы кезең аяқталғаннан кейін республика бойынша 5G технологиясын енгізудің келесі кезеңдері сараланатын болады.