Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда 50 мың азаматқа COVID-19-ға қарсы вакцина салынады
15:19 / 2021-01-29

Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың бастапқы кезеңінде шамамен 50 мың адамға вакцина салынады. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық сақтау қызметі басшысының орынбасары Нурмат Отабеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, елдегі азаматтардың 20 пайызына коронавирусқа қарсы вакцина егілетін болып соған жетерлік вакцинаға тапсырыс берілген.

«Жалпы 7 млн адамды екі рет вакцинациялау үшін барлығы 15 млн доза вакцина әкелінеді. Бастапқы кезеңде 100 мың доза вакцина алып, 50 мыңға жуық адамға індетке қарсы вакцинация жасайтын боламыз», - деді ол «Өзбекстан 24»арнасына берген сұхбатында.

Бұған дейінгі хабарларда, Өзбекстанда 1 ақпаннан бастап медициналық қызметкерлерді халыққа жаппай коронавирусқа қарсы вакцина егуге дайындау басталатынын айтылған болатын.